Атыраудағы түрме бастығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

(0 Votes)

Атырау облысындағы УГ-157/11 түзеу мекемесінің бастығы мен бас бухгалтеріне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«ҰҚК департаменті Атырау облысының прокуратурасымен бірлесіп, облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті УГ-157/11 түзеу мекемесінің бастығы мен бас бухгалтеріне қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1, 2, 4-тармақтары («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Олар 2019 жыл үшін сыйлықақы мен көтермелеу төлемдерінің бір бөлігін бірнеше мәрте алу фактісі бойынша тергелуде», - делінген хабарламада. Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты ұсталғандарға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады.

Дәлелдеме базасын бекіту бойынша тергеу іс-шаралары жалғасуда. ҚР ҚІК 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика