Атырауда вакцинация туралы үздік бейнероликтер анықталды

(0 Votes)

1 миллион теңгені өзара үш бейнеоператор  бөлісті, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алуға насихаттайтын үздік бейнеролик байқауы қорытындыланды.

6 қыркүйек күні басталған байқау мерзімі екі аптаға созылды.

Шараны облыс әкімдігінің қолдауымен "Атырау - Ақпарат" медиахолдингі ұйымдастырды.

- Вакцинация туралы үздік бейнеролик байқауына 20-ға жуық жұмыс келіп түсті.

Операторлардың қай-қайсы да роликтерді шығармашылық және кәсіби тұрғыдан түсіруге көңіл бөлген. Барлық материалдар ерекше бағалауға, назар аударуға тұрарлық, өйткені олардың тақырыбы Covid-19 пандемиясымен тікелей байланысты. Байқау қорытындысы бойынша үш жеңімпаз анықталды, олар  креативті жастар, барлығы біздің өңірдің тұрғындары, - деді "Атырау-Ақпарат" медиахолдингінің директоры Ысқақ Егембердиев.

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған байқау қорытындысымен  1 орынды  Нұрсұлтан Зиядаев иеленді. Оған 500 мың теңге тапсырылды.

2 орын және 300 мың теңге сертификаты Расул Бекмағамбетовке бұйырды.

3 орын мен 200 мың теңге Асхат Тантаевқа табысталды.

Роликтер әлеуметтік желілерде жарияланып, сондай-ақ жергілікті телеарналардан  көрсетілетін болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика