Атырауда вакциналау бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары күшейтілді

(0 Votes)

Медицина қызметкерлерінің өңір кәсіпорындары ұжымдарымен, сондай-ақ халықпен кездесулері жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың тапсырмасы бойынша өңірде вакциналау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Бүгін, 17 тамызда "Атыраунефтемаш"зауытының ұжымымен кездесу өтті. Әңгімелесу барысында Еркінқала отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының директоры Еркін Сабиров кәсіпорын қызметкерлеріне ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцинациялаудың маңыздылығы, сондай-ақ қызметкерлердің жеке қауіпсіздігі туралы айтып берді.

- Кәсіпорын ұжымдарымен осындай кездесулер өте маңызды, өйткені қызметкерлер вакцинация туралы қажетті және сенімді ақпаратты тікелей медицина мамандарынан алады. Сондай-ақ, олар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарды қойып, кеңес ала алады. Кейін, қызметкерлер вакцина алуға жазыла алады. Коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алғысы келетіндерге жылжымалы пункттің кәсіпорынға баруы ұйымдастырылады, - деді Еркін Сабыров.

Айта кетейік, бүгінде "Атыраунефтемаш" машина жасау зауытында 230-дан астам қызметкер жұмыс істейді, олардың 114-і Covid-19 қарсы вакцина алды, 17-де вакцина алуға қарсы медициналық көрсетілім бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика