Атырауда туберкулезбен ауыратындар саны азайған

(0 Votes)

Былтыр 9 айдың ішінде туберкулезбен ауырған 246 адам анықталса, биыл 231 науқас тіркелген, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жыл басынан бері туберкулездің таралу көрсеткіші 7,6%-ға төмендеген. 

- Өлім көрсеткіші де өткен жылмен салыстырғанда  18,6%-ға төмендеді.  Аурудың алдын-алу мақсатында 4 679 адам диаскинтесттен өтті. Оның 2256-сы бала, 310-ы жасөспірім және 2113-і ересек адам, - деді облыстық фтизиопульмонология орталығының статистик дәрігері Алмас Құмаров.

Бұдан бөлек,  науқастармен қарым қатынаста болған 1430 адам тексерілген, оның 573-і бала, 707-і ересек, қалғаны жасөспірім. Қауіп-қатер тобына жататын 3 мыңға жуық адам да бақылаудан өткен.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT