Атырауда тілдер фестивалі қортындыланды

(0 Votes)

Шара аясында тілдерді дамытуға үлес қосып жүрген сала мамандары мен оқушылар алғыс хаттармен марапатталды – деп, хабарлайды  Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова  барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы  қазақ тілін дамыту  үшін барлық күш жігерді  жұмсау керектігін айтты.

"Елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлеп, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» деді ол.

Шарада тілдердің дамуына үлес қосып жүргенжас мамандарҚР «Білім және Ғылым министрлігі»  және   «Тіл саясаты» комитетінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Олардың қатарында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің халықаралық бөлімінің басшысы, филолог  Қарлығаш Әшірханова,

филология ғылымдарының кандидаты Жомарт Мұхамбетов, Атырау облысының тілдерді дамыту басқармасының  тіл саясаты талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Айгүл  Қуаныш,Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту  дене шынықтыру және спорт  бөлімің бас маманы Ғаухар Құрманғазиева бар.

Сонымен қатар, «Мен қазақша сөйлеймін» акциясына қатысқан бір топ өзге ұлт өкілдеріне облыстық тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хаттары табысталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика