Атырауда тағы да қайғылы жағдай орын алды...

(0 Votes)

Құтқарушылар 1 тамызда суға батып кеткен қыздың денесін тапты.

3 тамызда сағат 18:53-те Атырау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлерімен Атырау қаласы Құрманғазы ауылы тұсында Жайық өзенінен 2015 жылы туған қыз баланың денесі табылып, шығарылды. Су асты іздестіру-жұмыстарына 7 құтқарушы, 5 жүзу құралы, 1 техника жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 1 тамызда сағат 14:40 шамасында бір үйдің екі баласы яғни, 2015 және 2017 жылы туған қыз бен ұл бала белгісіз жағдайда суға батып кеткен болатын. Құтқарушыларға шақырту сағат 14:53-те түсті. Іздестіру жұмыстарын құтқарушылар, ПД қызметкерлері, жергілікті тұрғындар бірлесіп жүргізді. Нәтижесінде, 1 тамыз күні сағат 16:20-да ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлерімен ер баланың денесі табылған болатын.

Ал, қыз баланы іздестіру мақсатында ТЖД сүңгуірлері 1-3 тамыз  аралығында су астына 20 рет түсіп, жалпы ауданы 6000 шаршы метрден астам, тереңдігі 12-15 метр  көлемінде су асты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Айта керу керек, ағыстың қатты және су астында бөгде заттардың көп болуы, көріну мүмкіндігінің нашарлығы іздестіру жұмыстарына қиындық туғызды. 

"Құрметті тұрғындар! Атырау облысы ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады! Облысымызда суға түсу маусымы ресми ашылмағанын естеріңізге саламыз. Ата-аналар балаларыңыздың өмірі, денсаулығы мен тағдыры үшін бірінші кезекте сіздер жауапты екеніңізді есте сақтаңыздарю Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар" дейді басқарманың баспасөз хатшысы Айсұлу Келдіғалиева.

Әділет АМАНГЕЛДІ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT