Атырауда республикалық форум өтті

(0 Votes)
Мектепке дейінгі тәрбие – балаға тәрбие мен білім берудің алғашқы баспалдағы іспеттес. Сондықтан, балабақша педагогтарының білімін өзектендіру, олардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру жоғары маңызға ие.
Бүгінгі өткен «Мектепке дейінгі білім беру үздіксіз педагогикалық білім берудің бірінші деңгейі ретінде: инновациялық идеялар, модельдер мен перспективалар» атты республикалық форумда да бұл туралы кеңінен айтылды. Іс-шараға арнайы келген ҚР оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Манар Адамова Президент Жолдауында айтылған балабақша тәрбиешілерінің жүктемесін азайту, еңбекақыларын өсіру мәселесі, жалпы саланы дамыту мақсатында арнайы пилоттық жобаның бастау алғанын хабарлады. –Жоба ауқымды жұмыстарды талап ететін үш негізгі бағыттан тұрады. Біріншіден, жүктемені азайту үшін жарты күндік екі тәрбиешінің жұмысын толық күнге ұзарту. Екіншіден, осы арқылы олардың еңбекақысын көтеру. Үшіншіден, мектепке дейінгі ұйымдардың білім сапасын арттыру, – деді М.Елекенқызы. – Оның айтуынша, пилоттық жобаға қазіргі кезде еліміздің 20 облысындағы 39 балабақша енген. Атырау облысындағы екі мектепке дейінгі ұйым да аталған жоба негізінде жаңаша бағытта жұмысқа кірісуде. Форумға қатысушылар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру аясында мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі туралы пікір алмасты. Мәлике МӘЛІК


https://atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT