Атырауда індет жұқтырған екі жүкті келіншек босанды

(0 Votes)

Қауіпті індетті жұқтырғандар арасында жүкті келіншектер де бар.

Кеше солардың екеуі сәбилерін аман-есен дүниеге әкелді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүкті аналарды босандыру процесіне №2 облыстық ауруханасының білікті хирургтары мен анестезиолог мамандары, сондай-ақ, облыстық перинаталдық орталықтың дәрігер-реаниматологтары, гинекологтары, акушерлер құрамы мен неонатологтары қатысыпты.

Жиырма тоғыз жастағы келіншек кесарь тілігі арқылы қызды болды. Сәбиінің салмағы – 3,620 келі, бойы –53 см. Ал, 24 жастағы әйел салмағы 4,270 келіні, бойы 56 см-ді құраған ұлды өмірге әкелді. – Жүкті әйелдер инфекциялық стационарға жүктіліктің 38 аптасында қабылданған еді.

Оларда коронавирус инфекциясының симптомсыз жағдайы расталған болатын. Босанған аналар жұқпалы аурулар бөлімшесінде хаттамаға сәйкес емін жалғастыратын болады. Нәрестелер аналарынан оқшауланып, арнайы әзірленген таза палатаға ауыстырылды. Жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында, - дейді №2 облыстық аурухана директорының орынбасары Надя Ерғалиева.

Жолдасбек Шөпеғұл,

egemen.kz

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21