Атырауда мектеп түлектеріне 4 мың білім гранты беріледі

(0 Votes)

Атырау облысының әкімдігі мектеп түлектеріне жоғары оқу орнының 4 мың білім грантын бөліп отыр. Бұл жергілікті кадрлардың қатарын толықтыру үшін қолға алынған.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенованың мәліметінше, мектеп түлектері білім грантымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Павлодар, Семей мен Өскемен қалаларындағы жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алады. Мамандық түрлері кеңінен қамтылған.

«Білім грантына үміткер болуға мектеп пен колледж түлектері, сондай-ақ, өткен жылдары мектеп бітірген жастар қатыса алады. Ең басты шарт – ҰБТ-дан өту және қажетті балл жинау. Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 70, педагогикалық мамандықтарға 75 балл жинау қажет. Біздің өңірде мектепке дейінгі тәрбие педагогтары, математика, физика, химия, биология, география мұғалімдері жетіспейді. Талапкерлер осы мамандықтарды таңдауына кеңес беремін. Конкурсқа қатысуға арналған өтініште 4 мамандыққа дейін көрсетуге болады», -дейді Айнагүл Дүйсекенова.

Оның айтуынша, 3 200 грант техникалық, оның ішінде IT, машина жабдығы, ақпараттық қауіпсіздік, мұнай және газ секілді мамандықтарға бөлінген. Гранттың қалғаны педагогикалық мамандықтарға беріледі.

«Биыл орта мектепті 6 мыңға жуық оқушы бітірді. Оның 86%-ы ҰБТ тапсырады. Ал, 27-30%-ы химия-биологияны таңдап отыр. Себебі, олар дәрігер болғысы келеді. Мектеп түлектеріне 16-17 маусымда аттестат беріледі. Грант иеленуге іріктеу кезінде сабақ үлгерімі жақсы түлектер басымдыққа ие болады. ҰБТ-дан алған балл бірдей болса, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі адамы бар отбасылардан шыққан балалар бірінші кезекте грантты иеленеді. Өзінің мүгедектігі туралы анықтамасы барлар да ескеріледі», -дейді Айнагүл Дүйсекенова.

 

inform.kz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика