banner_damu

Атырауда Махамбет оқулары өтті

(0 Votes)

Ұлы ақын Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін жатқа айтып, күйлерін орындайтын атыраулық мектеп оқушылары мен жас ақындар жыл сайынғы облыстық Махамбет оқуларына қатысты, — деп хабарлайды Aтырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Махамбет оқуларына облыстың барлық аудандарынан 6-11 сынып оқушылары келді. «Ел атқарар ер едім...» атты жатқа айтушылар байқауында қатысушылар қазылар алқасының назарына алдын ала жаттаған өлеңдерінің тізімін ұсынды. Қазылар алқасының мүшелері кездейсоқ өлеңдерді таңдап алып, сол өлеңдерін оқуларын сұрады.

Байқауға қатысушылардың жаттаған өлеңдерінің ең аз саны – 12, ең көбі – 79. Әділқазылар жаттаған өлеңдердің санына ғана емес, қатысушылардың өлеңді нақышына келтіріп оқуына және көркемдік шеберлігіне де мән берді. Кейбірі қазақ тілінің тазалығын бұзғаны үшін ескерту алды.

– Балалардың барлығы да өнерлі. Ал оларды дұрыс жолға бағыттау – ұстаздың міндеті. Сайысқа дайындайтын тәлімгерлер  балаға өлеңді мәнерлеп оқуға үйретіп, Махамбеттің тарихын балаға айту арқылы оның бойындағы патриоттық сезімін ояту керек, – деді Қойшығұл Жылқышиев.

Байқаудың ең жас қатысушысы Айбын Өтемісов көрермендер мен қазылар алқасын бірден баурап алды. Ол Индер ауданы М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы. Махамбеттің 50 өлеңін жатқа біліп қана қоймай, оны нақышына келтіріп оқып тыңдаушыларын баурай біледі.

– Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын бала кезімнен зерттеп келемін. Мен Махамбеттен бөлек Әбіш Кекілбаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне де қызығамын. Бір емес бірнеше рет облыстық ақындар байқауының жеңімпазы болдым. Сөйтіп, бұл жолы туған жерім Индердің намысын қорғауға жолдама алдым. Мені осы байқауға дайындаған анама және тәлімгерім Айнұр Төрекешеваға алғыс айтамын. Шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша Айбын Өтемісов оқырмандар арасында бірінші орынды иеленді. Ботагөз Салхаден қазылар алқасының бағалауы бойынша ең үздік өлеңнің авторы атанды, ол да бірінші орынмен марапатталды,- деді Айбын Өтемісов.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика