Атырауда әлеуметтік нысандар мен жол салуға 11 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

(0 Votes)

Атырау облысында «Ауыл-Ел бесігі» жобасы бойынша жаңа әлеуметтік нысандар мен жол салуға 11 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысына жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков «Ауыл-Ел бесігі» жобасы іске асырылып жатқан елді мекендерге барып, Құлсары қаласын дамыту мәселелері жөніндегі жиынға қатысты.

Вице-министр атап өткендей, соңғы 10 жылда Құлсары қаласының инфрақұрылымын дамытуға шамамен 10 млрд. теңге бөлінді. Алайда, оның айтуынша, қаладағы бірқатар проблемалар шешілмеген.

«Олардың арасында су мен жолдар мәселелері бар. Жалпы, қала инфрақұрылымын жақсартуға жеткілікті қаражат бөлініп жатыр. Бұл қаланың ең өткір проблемаларын шешуге мүмкіндік берді», - деді Б.Омарбеков.

Сонымен қатар, ол қалада еңбек нарығындағы және ШОБ дамуындағы теріс үрдістерді, жұмыспен қамтылғандар санының, сондай-ақ құрылыс жұмыстары көлемінің төмендеуін атап өтті.

Өз кезегінде Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов қалада емханалар, балабақшалар, мектептер, тұрғын үйлер, су құбырлары мен жолдар салу бойынша жобаларды іске асыру жоспарланғаны туралы баяндады.

Сондай-ақ, вице-министр Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын іске асыруға арналған кеңеске қатысты. Нәтижесінде жергілікті билік органдарына 2022 жылға жоспарланған іс-шараларды сапалы орындау бойынша ұсыныстар берілді.

Айта кетейік, биыл Атырау облысының 30 ауылында 41 жобаны іске асыруға 11,2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521