Атырауда көпбалалы ана екінші рет егіз бала тапты

(1 Vote)
Атырауда көпбалалы ана екінші рет егіз бала тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Облыстық перинаталдық орталықта екінші рет егіз босанған көпбалалы ана Мөлдір Мәжитованың жасы – 36-да. Күйеуі Рашид Дайыровпен бірге 6 бала тәрбиелеп отыр.
 
«Ең үлкеніміз Нұрислам – 13 жаста, егізіміз Нұрсезім мен Гүлсезім – 11 жаста. Одан кейін Әділхан дүниеге келді. Биыл ол 1 жасқа толды. Ал егіз сәбиге Көркемай мен Еркемай деген есім бердік», - дейді Мөлдір Мәжитова.
 
Дәрігерлердің айтуынша, нәрестелердің салмағы – 2 400 және 2 600 грамм. «Күйеуімнің үлкен әжесінде егіздер болған. Бірақ, бәрі шетінеп кеткен. Емшілікпен айналысқан әжеміз ұрпағында егіздер дүниеге келеді деп болжаған», - дейді ана.
 
Оның айтуынша, 11 жыл бұрын құрсағында шарана егіз екенін білгенде, аздап қобалжыған. «Енді екінші рет егіз өмірге келетіні туралы естігенде қуанышымызда шек болмады. Ең бастысы, балаларымыздың бәрі аман-сау өсіп жатыр. Үлкені домбырада шертеді. Қазақтың әндерін шырқайды. Облыстық және республикалық ән байқауларының жеңімпазы атанды», - дейді ол.
 
Анасының сөзінше, егіздің бәрі бір-біріне ұқсайды.



https://www.inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика