Атырауда газетке жазылып, "IPHONE 15" ұтқандардың есімі жарияланды

(0 Votes)

Атырау-Ақпарат” медиахолдингінің облыстық қоғамдық-саяси “Атырау” және "Прикаспийская коммуна" газеттеріне бір жылға жазылған оқырмандар арасында ұтыс ойыны өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Мақсат – газеттің тұрақты оқырмандарын ынталандыру, басылым таралымын арттыру, жаңа жылдық көңіл күй сыйлау. Ойынға қатысудың бір ғана шарты болды – аталған газеттердің біріне 12 айға жазылу. Жазылушылар автоматты түрде ойын қатысушысы атанды.

Ұтыс иелері барабанға салынған квитанция нөмірін кездейсоқ таңдау арқылы анықталды. Лотереяның әділ өтуін бейтарап қонақтар бақылап отырды. Олардың арасында ұтыс ойынына қосымша сыйлық дайындаған демеушілер мен сарапшылар бар. Атап айтқанда, олар – «Атырау» газетінің тұрақты оқырманы Боранбай Қамиев, «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблев, «Айтыс» қоғамдық қорының төрағасы Шынарбек Қабиев.

Айта кетейік, ұтыстың басты жүлдесі – IPHONE 15. Сондай-ақ, стильді шаш үлгілеріне арналған сертификаттар, «Атырау» шипажайына екі жолдама және түрлі тұрмыстық техникалар ойнатылып, өз иелерін тапты. Нәтижесінде, бас жүлде – қос бағалы телефонды “Атырау” газетіне жазылған қала тұрғыны М.Акимова және "Прикаспийская коммуна" газетінің оқырманы Л.Тимонина ұтып алды!

Бұдан бөлек, "Атырау" газетінің оқырмандары арасынан – стильді шаш үлгілері қызметінен “Ботокс” сертификаттары атыраулық Фариза Беркенова мен Исатай ауданы, Аққыстау селосының тұрғыны Сапуан Гаммаевқа шықты.

“Күрделі бояуға” арналған сертификаттардың иесі Атырау қаласының тұрғындары – Мәнсия Мұхамбетжанова және Еділбай Аманғалиев. Ал, “Шашты кератинді түзету” сертификаттарын Құрманғазы ауданы, Құрманғазы селосынан Айгүл Сарсемалиева мен Исатай ауданы, Аққыстау селосынан Ибатолла Қаражанов ұтып алды. Тұрмыстық техникадан “мультиварканың” иесі Исатай ауданы, Аққыстау ауылының тұрғыны Алмагүл Шангереева атанды. Бу үтігі Индер ауданынан Салтанат Базарбаеваға бұйырса, "шырынсыққышты” Атырау қаласынан Жамбыл Ғұмаров иеленді. Үй караокесінің иегері Тұрғызба селосынан Қасымғали Жасмағамбетов болды. Асхана пеші Атырау қаласынан Алтас Бисенбаевқа бұйырды.

Сонымен қатар, Атырау қаласы, Дамбы селосынан Мүбарак Шарапиев шаңсорғыштың иесі атанды. Ал, “Атырау” шипажайына арналған сертификаттарды Атырау қаласының тұрғыны Бекбала Ақылбеков пен Исатай ауданы, Аққыстау селосынан Қуанышкерей Құспанов иеленді. Сол секілді, "Прикаспийская коммуна" газетіне жазылғандардан мұздатқыш — Арделиянова, смарт-TV — Айжурек Уразгалиева, үтік — Алия Казиева, шырынсыққыш — Магомед Курбанов, электршәйнек — Галия Джулкалиева, қысқатолқынды пеш — Клара Канатованың еншісіне бұйырды. Жүлделер мерекелік демалыстардан кейін 3 қаңтар күні “Атырау-Ақпарат” ғимараты, 405 кабинеттен беріледі.

Ұтыстың тікелей эфир көрсетілімі газеттің фейсбук және инстаграм парақшаларында сақталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521