Атырауда былтыр бизнеске 28 миллиард 600 миллион теңге несие берілді

(0 Votes)

Бұл 453 кәсіпкердің​ жобасы үшін берілген несие сомасы. «Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы шеңберінде 453 кәсіпкердің жобасы 28 млрд. 600 млн. теңгеге несиеленді. Сол арқылы 670 жаңа жұмыс орны ашылады» деп атап өтті аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Атап өту керек, пандемия ушыққан кезде​ 22 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілеріне салықтық жеңілдіктер берілді. ​ 5 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі көмек алды.

Еске сала кетелік, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде. Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика