Атырауда бала өліміне қатысты тексеру басталды

(0 Votes)

Отаның да көмегі тимей, 11 айлық нәрестенің тыныс алуы нашарлап, жүрек ақауынан көз жұмды.

Атырауда батарея жұтып қойған бала өлімі бойынша тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Полицейлер ҚР ҚК 317-бабы 3-бөлігі «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды. Істі тергеу барысы облыс прокуроры мен Атырау облысы полиция департаменті бастығының бақылауында», - деп хабарлады өңірлік ПД баспасөз қызметінен.

Еске салайық, Атырауда дәрігерлер теледидар пультінің батареясын жұтып қойған бір жасар сәбидің өмірін құтқара алмады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сәби ауыр жағдайда түскен. Ол қиналып дем алған. Баланың қандай да бір затты жұтып қойғаны анықталды. Дәрігерлер оны отасыз әдіспен шығармақ болған. Өкінішке қарай, жұтып қойған заты үлкендеу болғандықтан, ол әдіс көмектеспеген.

inform.kz

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика