Атырауда қауіпсіздік шаралары күшейтілді

(0 Votes)

Атырауға шетелден келген жолаушылардың ешқайсысынан COVID-19 анықталған жоқ, деп хабарлайды https://atpress.kz

Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің (ТКҚСҚБД) мәліметінше, Атырауға 6-9 қазан аралығында Ыстамбұл, Анталия және Амстердамнан 493 адам келген.

Алпыстан астам жолаушы ПТР-тест қорытындысы туралы анықтамасы болмағандықтан, карантиндік стационарларға жатқызылған.

«Барлық жолаушылардан коронавирус жұқпасына сынама алынып, зерттеу нәтижелері теріс болып, ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталған жоқ», делінген таратылған хабарламада. Сондай-ақ, қала және аудандар бойынша 114 мобильдік топ құрылған. Олар карантиндік талаптарды сақтау бойынша мониторинг жүргізеді.

ҚР Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысын орындау мақсатында 5 шілде мен 9 қазан аралығында мобильдік топ 1 600 рейдтік тексеріс жүргізген.

- Рейдтік шаралардың қорытындысы бойынша, шағын және орта кәсіп иелеріне 653 материал, ал жеке тұлғаларға қатысты 463 әкімшілік іс қозғалып, 66 млн 794 мың теңгеге айыппұл салынды, – деп ақпараттаныдрды ТКҚСҚБ департаменті.

Айта кетейік, Атырау облысында кәсіпкерлік нысандарына карантиндік режимнен соң рұқсат беру үшін комиссия құрылған болатын.

Фото ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT