Атырауда армян көліктерін тіркеу басталды

(0 Votes)

ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасына 2020 жылдың 1 ақпанына дейін кіргізілген сол жақ рульді армян машиналарын уақытша тіркеуге рұқсат берілуіне сай, 1 маусымнан бастап, Атырау қаласында армян нөмірлері бар автокөліктерді тіркеу басталды.

Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, таңертеңнен бастап мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында нөмірлерді беру жұмыстары басталды.

Бұдан бұрын айтылғандай, Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көліктерді ғана уақытша есепке қоюға болады.

Көлік иелеріне тек үш төлем жасау керек:

— тіркеу үшін алым-695 теңге;

— техпаспорт үшін баж салығы-3 473 теңге;

— мемлекеттік баж салығы-7 778 теңге.

Осылайша, уақытша есепке алу үшін төлем сомасы тек 11 946 теңгені құрайды.

Көлік құралдарын тіркеу үшін:

— жеке басын куәландыратын құжат;

— мемлекеттік тіркеу үшін алымды және мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртектер;

— КҚ және МТНБ есепке алу туралы армян куәлігі;

— оң рульден сол рульге қайта жасалған жағдайда көлік құралы конструкциясының (СБКТС) қауіпсіздігі туралы куәлік.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика