Атырауда апатты үй тұрғындары жаңа пәтерге көшірілді

(0 Votes)

Бірлік ықшам ауданы, АТП-1, АТП-2 мекен-жайындағы апатты деп танылған тұрғын үйлерден 32 отбасы Жұлдыз ықшам ауданына қоныс аударды – деп, хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылшығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мен жатаханаларды көшіру жұмыстары кезең-кезеңімен сәтті іске асырылуда.

Мәселен, өткен жылы Құнанбаев №13 және Досмұхамбетов көшесіндегі 2 жатахана Береке ықшам ауданындағы жаңа үйлердің біріне көшірілсе, биыл 2 апатты үйдің тұрғындарына жаңа пәтер кілті табысталды.

Атап айтқанда, Әуезов №22 үй Жұлдыз ықшам ауданына, ал Достық №14 үй тұрғындары Береке ықшам ауданына көшірілді.

Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта жоспардағы апатты деп танылған жатаханалар мен тұрғын үйлерді көшіру жұмыстары жалғасады.
Айта кетейік, баспанамен қамту, көшіру сынды шаралар т ұрғын үй құрылысының аяқт алуына қарай жүзеге асады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521