Атырауда адвокат, полицей мен үш заңгер бопсалау әрекеті үшін сотталды

(0 Votes)

Атырауда адвокат, полицей мен үш заңгер бопсалау әрекеті үшін сотталды.

Сотталушылардың барлығына 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заңгерлер мен полицейден бөлек, іске қаланың тағы бір тұрғыны араласқан. Сотталушылар бопсалау, лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану, көрінеу жалған мәлімет жеткізу, сондай-ақ абайсыздан денсаулыққа зиян келтіргені үшін айыпталды. Оларды ҰҚК департаментінің қызметкерлері ұстады. Аталған тұлғаларға қылмыстық топ құрып, ірі қала базарларына барған деген айып тағылды. Олар көші-қон заңнамасының, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылғанын анықтаған. Тәртіп бұзушыларды анықтап, олардан ақша бопсалай бастаған. Аталған тұлғаларға учаскелік инспектор көмектескен. Сауда нүктелерімен шектелмей, бопсалаушылар заңсыз жүк тасымалымен айналысқан «Алматы - Атырау« жолаушылар құрамының жолсеріктерінен де алым-салық жинап отырған», - деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.

Оның айтуынша, тергеу барысында ұсталғандардың барлығы өз кінәсін мойындап, жәбірленушілерге келтірген шығынның орнын толтырғанын хабарлады. Процессуалдық келісім жасалды.

Дегенмен, сот барлық сотталушыларды кінәлі деп танып, әрқайсысына 3,5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.

inform.kz 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT