АТЫРАУДА 80-ГЕ ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

(0 Votes)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өз қызметінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуымен қатар, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға басымдылық беріп келеді.

Бұл тұрғыда аталған Департаментпен жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде, соңғы екі жылдағы деректерге сәйкес, 74 мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқықтары қалпына келтірілген.

Мәселен, негізсіз тәртіптік жазаға тартылған 14 қызметшіге қатысты уәкілетті адамдардың актілерінің күштері жойылған, қызметтеріне бонус төленбеген 4 қызметшінің тиісті қаражаттары аударылған, негізсіз артық жұмысқа тартылған 21 қызметкерге ақы төленетін демалыс күндері берілген, үстеме жұмысы үшін 7 қызметкерге 294 000 мың теңге мөлшерінде еңбегіне ақы төлетілген, атқаратын қызметінен заңсыз төмендетілген 1 қызметкер лауазымына қайтадан орналастырылып, еңбекақысының айырмасы өтелген.

Бұдан бөлек, Департаментке жүгінген Махамбет ауданы әкімдігінің 2 қызметшісінің штаттарының қысқартылуына байланысты ала алмай жүрген 2 млн. теңгеге жуық жәрдемақыларының төлемдері қызметшілерге өтеліп берілген.

Сонымен қатар, тиісті мемлекеттік органдардың 25 қызметшісінің еңбекақы төлемдері мен іссапар шығындары бойынша 368 000 мың теңге мөлшеріндегі қаражат сомалары жүргізіліп, қызметшілердің заңнамамен кепілдік берілген әлеуметтік кепілдіктері қорғалған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика