Атырауда 43 мектепте директордың орны бос тұр

(0 Votes)

Атырау облысындағы 55 білім ошағында бірінші басшы жоқ.

Сонымен қатар 43 мектепте директордың орны бос тұр, деп хабарлайды qazaqstan.tv. Қазір аймақтағы білім көрсеткіші 50 пайыздан аспайды. Бұл ел бойынша соңғы орындардың бірі. Осы мәселелер арнайы семинар-кеңесте талқыланды.

Жиналғандар оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттырудың басты тетіктерін атады. Әрі «Жайлы мектеп» жобасы туралы да айтылды.

Аталған бағытта аймақта алдағы 5 жылда 12 оқу ордасын салу жоспарланған. Сарапшылар қордаланған проблемаларды жүйелі шешу үшін кешенді жоспар жасақталуы тиіс деп санайды.

«Қазір Мектеп директорларының деңгейін көтеріп, жалпы, көңілін, назарын, зейінін аударғымыз келеді. Әрине, бұнымен білім сапасын арттыру шектелмейді. Сонымен қатар тиянақты және кешенді жоспар қажет. Жергілікті билік сол жоспарды қолдап, жүзеге асыру үшін жағдай жасауы керек», – деді Қаныбек Жұмашев, облыстық білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы

  https://atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика