banner_damu

Атырауда 4 мың көшет отырғызылды

(0 Votes)

12 қазанда Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев облыс орталығын көгалдандыру жұмыстарына қатысты,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл күні қалаға жалпы саны 4000-ға жуық қараағаш, шегіршін, үйеңкі, шаған ағаштарының көшеті отырғызылды. -Мұндай акцияны алғаш өткізіп тұрған жоқпыз. Бұл аймақтағы қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған міндеттердің бірі. Жергілікті жағдайға бейімделген ағаштар,-деді облыс әкімі.

-Астанамыз Нұр-Сұлтан қаласының маңына Елбасы тапсырмасымен жасыл белдеу құрылғанын білеміз. Еліміздегі барлық қалаларда көгалдандыру жұмыстарын жүргізу туралы тапсырма бар. Бұл мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да назарында. Облыс әкімі атап өткендей, мұндай шаралар адамдарды табиғатқа қамқорлықпен қарауға шақырады. Бастысы, акция тұрғындардан толық қолдау тапты.

-Түрлі пікірлерге қарамастан Атырауды жасыл қалаға айналдыруға болады. Бірақ бұл тұрғындардың араласуымен жүзеге асады. біздің климаттық жағдайымыз қаталдау, сонда да қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, экологияны жақсартатынымызға сенеміз,-деді Нұрлан Ноғаев.

-Соңғы жылдары отырғызылған көшеттер жақсы өсіп жатыр, бұл да облыс орталығының экологиясын жақсартуға ықпал етеді. Айта кетейік, күзгі мезгілде Атырауға бұл акциядан бөлек тағы да 3 мың көшет отырғызылады. Биыл көктемде 2500-ден астам көшет отырғызылды.

Еске салсақ, биыл Атырау қаласын көгалдандыру бойынша жобаны "Каспийдормостострой" ЖШС жүзеге асырады. МЖӘ аясында компания облыс орталығын көгалдандыру, жасыл желектерді күту, су құбырын жөндеу, жалпы ұзындығы 147 км жаңа су құбыры желісін салу жұмыстарымен айналысады.

Мекемемен келісім шарт бес жылға жасалған. Компания осы уақыт аралығында 50000 ағаш отырғызып, жыл сайын 338 мың гүл, 3,5 мың дана тал егеді. 2023 жылы отырғызылған ағаштар саны 25 мыңға жетеді, оның екі мыңы жеміс ағаштары болады деген жоспар бар.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика