Атырауда 15 спорт нысаны салынады

(0 Votes)

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Спорт және балалар ойын алаңы Геолог, Балауса, Елшібек, Сарықамыс, Байтақ, Өркен, Жерұйық , Бірлік, Сарыөзек, Көкарна ықшамаудандарында салынады. Атырау қалалық құрылыс бөлімінің жобалау- сметалық құжаттама секторының меңгерушісі Арман Абдоловтың айтуынша, құрылыс шілденің аяғында басталады.

— Қазіргі уақытта аталған құрылыстарға жобалау-сметалық құжаттама жасалды. Конкурс жарияланып, бес мердігер мекеме жеңімпаз атанды. Аталған елді мекендерге футбол, баскетбол, воркаут алаңдарын салу жоспарланған. Сондай-ақ вандализмнің алдын алу үшін құрылысқа жоғары сапалы материалдар пайдаланылады. Жоспар бойынша қазанда қолданысқа беріледі, — деді А.Абдолов.

Бұған дейін Қайыршақты, Дамба, Талғайран, Алмалы елді мекендерінде спорт және ойын алаңдары ел игілігіне берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521