Атырауда азық-түлік бағасының негізсіз қымбаттауына байланысты рейдерлік тексеріс жүріп, оның барысында супермаркетке 18 рет кіріп, тек қант сатып алған ер адам анықталды, деп хабарлайды ATPress.kz.
Ер адамның әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Кәсіпкерлік және туризм басқармасының жетекшісі Нұрбол Жаңабековтің айтуынша, бүгінгі таңда қант бір қолға үш келіден беріледі. Бұл қант бағасының негізсіз көтерілмеуі үшін жасалған шара.
Сондай-ақ, қанттың супермаркеттерге арнайы бір уақытта түсетіні атап өтілді. Ал рейдерлік іс-шаралар аптасына бірнеше рет жүргізіледі.