Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті балықшыларға ескертеді: Жұқа мұз қауіпті!

(0 Votes)

Атырауда ауа температурасының төмендеуіне байланысты, балық аулауды ұнататын тұрғындар жұқа мұз істіне шығып балық аулауда.

Қазіргі уақытта мұздың қалыңдығы 6-7 см ғана құрайды. Аяқпен басқанда ойылып жатырғанына қарамастан, балық аулау үшін жұқа мұз үстіне шығып өмірлеріне қауіп төндіріп жүргендер аз емес. Тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін насихаттау үшін, күн сайын, әсіресе демалыс және мереке күндері Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғау басқармасының және жедел құтқару жасағының қызметкерлері бірлесіп, су айдындарында рейдтік іс-шараларды жүргізуде. Құтқарушылар балық аулаулаушыларға мұздағы қауіпсіздік ережелерін ескертіп, жадынамалар мен брошюралар таратады. Қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін еске салады:

- балық аулауға барғанда, таяқшаны өзіңізбен бірге алып жүруді ұмытпаңыз. Мұз үстімен қозғалған кезде, оның беріктігін тексере отырып жайлап жүріңіз. Қар астынан мұздың жұқа екенін байқамай қалуыңыз мүмкін. Ешбір жағдайда мұздың беріктігін аяғыңызбен тексермеңіз! Көп жағдайда бұл мұздың жарылуына әкеліп соғады.

- өзіңізбен бірге ұзын, берік арқан (10-15 метр) алып жүрген артық етпейді. Төтенше жағдайда ол сізге немесе басқа біреуге көмегін тигізуі мүмкін;

- күндізгі уақытта мұз үстімен жүріп, балық аулау орнына келген бағытпен қайтып кеткеніңіз дұрыс екенін есте сақтаңыз. Балық аулауға жалғыз бару қауіпті. Мұз үстімен жүрген кезде 3-4 метр ара қашықтықты сақтаған жөн. Мұз үстіне автокөлікпен шығуға қатаң тиым салынады!

- шектеулі кеңістікте көптеген тесіктерді оюға болмайды. Бұл мұзды өте әлсіз етуі мүмкін. Сондай-ақ, қараңғы немесе сулы мұз үстінде ойықтарды тесуге болмайды;

- балық аулау кезінде ішімдіктен бас тартыңыз! Суықта "күшті" сусындарды қолдану қайғылы оқиғаға әкеледі.

- ұялы телефонды өзіңізбен бірге алып келуді ұмытпаңыз. Жазатайым оқиға кезінде 112 нөмірі бойынша көмек шақыруды ұмытпаңыз.

 

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521