Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірдің экологиясын жақсартуға үлес қосуға ниетті

(0 Votes)

Бұл туралы қоғамдық қайраткерлердің, мемлекеттік органдар басшыларының, өңірдің ірі компаниялары өкілдерінің және өңірдің экологиялық тағдырына бей-жай қарамайтын барлық адамдардың қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әрбір облыс үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын әзірледі. Атырау облысының картасына халықтың әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқаратын экология, олигополия, медицина, сондай-ақ жолдар мен инфракрустура сияқты салалар кірді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша шаралар қабылдаудың алғашқы бағыттарының бірі экология болып табылады", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департамент басшысы Ерлан Азаматов.

Алдағы жұмыс тәртібін құру мақсатында процестердің ашық болмауына, әкімшілік кедергілердің болуына, заңнаманың жетілдірілмеуіне байланысты шешімін таппайтын өзекті мәселелердің тізбесін айқындау үшін жұртшылықпен кездесу ұйымдастырылды.

Белсенділер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмысты одан әрі іске асыру үшін бірқатар ұсыныстар берді.

Атыраулық гидрогеология ардагері Едіге Сабыров жергілікті атқарушы органның балансына дренаж жүйесін енгізу мәселесін көтерді.

Атырау қаласында дренаж каналы 2001 жылдан бері салынған, желінің ұзындығы 11,8 км. жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес дренаж жұмыстарына 1 млрд 336 млн.тенге бөлінген.

Қазіргі уақытта қандай да бір мекеменің балансында дренаж жүйесінің болуы туралы мәліметтер жоқ.

Осыған байланысты Департамент әкімдікке дренаж жүйесін арнайы коммуналдық қызметтер балансына беру мәселесін шешуді ұсынды.

Қазіргі уақытта дренаж арнасы өз қызметін атқармайды. Сонымен қатар, бүгінде канал арнасы қоқыс полигонына айналуда, ал ондағы су масалар аймағына айналды.

Сондай-ақ, қоғам белсенділері Жайық өзенінің тартылуы, көгалдандыру, Тухлая балканы қалпына келтіру және т. б. мәселелерді көтерді.

Бұл мәселе бойынша Жайық-Каспий Орхус орталығының директоры Шынар Ізтелеуова экологиялық мәселелерді шешуге, ластауыштардың онлайн-картасын жасауға бағытталған жобаларды қаржыландыруды ұлғайтуды ұсынды.

"Бізге әлі күнге дейін неге күкіртсутектің шығарындылары болғанын және оған кім кінәлі екенін айтқан жоқ. Ал онлайн - карта алгоритмді көруге мүмкіндік береді: желдің бағыты-ластаушы-ластаушы заттар".

Дөңгелек үстел барысында айтылған көптеген ұсыныстар мен ұсынымдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен жұмыс барысында қолданылады.

"Карта сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс - қимыл жасауға және алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді деп сенеміз", - деді Ерлан Азаматов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521