Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы

(0 Votes)

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі №23 «Атырау облысында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Тұрақты эпидемиологиялық ахуалды сақтау және мереке күндері қарсаңында Атырау облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық  инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  • Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі №23 «Атырау облысында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
  • 1 а тармақпен толықтырылсын және мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«1а. Барлық меншік түріндегі ұйымдарға, кәсіпорындарға мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге, орта және жоғары білім беру ұйымдарына:

          - көпшілік іс-шаралар (ертеңгіліктер, мәдени, тәрбиелік, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстарын және т.б.) өткізуге тыйым салынсын;

         - мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізуге тыйым салынсын;».

2) 6-тармақ пен 1,2-қосымша өзгертілсін, толықтырылсын және мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметінің өлшемшарттарына сәйкес қызметке рұқсат етуді осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) рұқсат етілсін.

Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған) жұмыс және демалыс күндері штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтауды қамтамасыз етсін»;

3) 10-тармақ өзгертілсін және мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«10. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы, «Атамекен» ӨКП:

10.1. бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық қолдауды, адамдардың, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданған шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді;

10.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілері мен қала халқының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін».

4)  12-тармақ өзгертілсін және мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары, Атырау облысының Полиция  департаменті, Атырау қаласы және аудандар әкімдері осы қаулының орындалуына  күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.».

      5)  Осы қаулы 2021 жылғы 10 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

 

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                                                                         М.Танауов

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT