Атырау облысында карантин 12 қазанға дейін ұзартылды

(0 Votes)

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамыздағы № 64 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» 28.09.2020 жылғы № 66 Қаулысы

Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 28 қыркүйек сағат 00:00-ден 12 қазан сағат 00.00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылсын.

2. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамыздағы № 64 «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 3-тармақтың 1) тармақшалары алынып тасталсын;

2) 3тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

4) ойын-сауық орындарының (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдарымен аттракциондар, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың (ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынсын;

3) 4-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

14) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік секторлардың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ қызметтері рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат берілсін. Сонымен бірге қызметкерлердің кемінде 50% -ы (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда) қашықтан жұмыс режимі сақталсын;

4) 4-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

17) бір мезгілде жабық ғимараттарда, ашық алаңдарда 50 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда бір үстелге 4 адамнан аспайтын адам санына отыруға рұқсат етіп, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар және басқалар) қызметіне сағат 08:00-дан 00:00-ге дейін рұқсат берілсін;

5) 4-тармақ мынадай мазмұндағы 34), 35), 36) тармақшалармен толықтырылсын.

34) маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлардың қызметіне рұқсат берілсін;

35) сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан (жеке үй-жайларда) қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей,50-ден аспайтын отыратын орын орнатыла отырып, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде қызметіне рұқсат берілсін.

36) Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулы 24-қосымша талаптарын сақтай отырып ұзақ және қысқа мерзімде кездесулер рұқсат етілсін.

6) 5-тармаққа мынадай редакцияда жазылсын. Демалыс және мереке күндері келесі шектеу шаралары ұзартылсын:

1) азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтарының(бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметін тоқтата тұруға;

2) Азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметін тоқтата тұруға;

3. Теңіз аумағына бұған дейін енгізілген карантин режимі сақталсын.

4. Атырау облысы ішкі саясат басқармасы Атырау қаласының әкімдігімен және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, қосымша қабылданған шаралар туралы халықты бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

5. Аталған қаулының орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

6. Қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

А.Шаров,

Атырау облысы

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сурет: дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521