Атырау облысы бойынша «109» сенім телефонына 10 мың қоңырау келіп түсті

(0 Votes)

Атыраулықтар қойған сауалдардың көпшілігі мерзімі кешіктірілген несиелер, салықтан босату және әлеуметтік төлемдерді төлеуге қатысты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Айта кетейік, «109» сенім телефоны 18 наурызда ашылды. Диспетчерлік орталықтың екі апталық жұмысында облыс тұрғындарының 10 мыңға жуық өтініштері қабылданған. Атап айтқанда, байланыс орталығына тұрғындардан 7 мыңға жуық сұрақ, 87750006109 Whats'App нөміріне 2 мыңға жуық хабарлама, жоғарыда көрсетілген телефон нөміріне шамамен 1 мың қоңырау келіп түскен.

Халықтың жиі қоятын сұрақтарының бірі - банктерге несие бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, салықтан босату, әлеуметтік төлемдерді төлеу. Бұл бағытта 3700 сұрақ қабылданып, өңделді.

Екінші кезекте коронавирустың алғашқы белгілерін түсіндіруге қатысты. Алдын-алу шаралары мен карантин және төтенше жағдай кезіндегі шектеу шаралары туралы жалпы саны 860 сұрақ қойылды.

Үшінші орында - әуе және теміржол қатынасы, жолаушылар тасымалы туралы 840 сұрақ келіп түскен.

Естеріңізге сала кетейік, «109» сенім телефонының диспетчерлік орталығында екі ауысым бойынша 6 оператор жұмыс істейді. Олар халыққа жазбаша және ауызша түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21