Атырау облыстық ​ ауруханасы тамыз айының ортасында күрделі оталар жасауды бастайды

(0 Votes)

Атырау облыстық ауруханасы инфекциялық орындар санын азайтып, жоспарлы емдеу шараларына дайындалып жатыр.

Қазіргі уақытта ауруханада таза аймақ жасақталуда - деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі. ​

«Ендігі кезекте хирургиялық, неврологиялық, оңалтуды қажет ететін бейінді науқастарды емдеп бастаймыз. Тамыз айының ортасында күрделі оталарды аурухана шеңберінде жасауды жоспарлаудамыз» дейді Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.

116998077_1148812978832412_4582287963978344553_n

Айта кету керек, Атырау облыстық ауруханасы шілде айының басынан бері ​ 400 кереуеттік инфекциялық стационар ретінде жұмыс жасады. Қазіргі таңда мұнда науқастардың саны азайды.

«Бұрын қабылдау бөлімшесіне тәулігіне инфекциялық аурумен 60-қа жуық науқас түсетін. Қазір тәулігіне 15-ке дейін науқас қабылдаудамыз. Бүгінгі күні инфекциялық стационарда ем қабылдап жатқан 137 науқас бар. Енді тамыз айынан бастап 200 кереуетке ​ жоспарлы түрде емделетін науқастарды қабылдауға дайындалудамыз»- деді Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.

117182817_1148812952165748_5862208105958247309_n

Еске сала кетелік, ​ Атырау облыстық ауруханасының ​ инсульттік, зақым-жарақат бөлімшелері пандемия уақытында да жұмысын тоқтатпай, науқастарды үзіліссіз қабылдап отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521