Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттымұратұлы қызметінен босатылды.
Бұл туралы ҚазАқпарат Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«14 қаңтар күні қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиын барысында Атырау қаласы әкімі Алимұхаммед Құттымұратұлы әріпестеріне ризашылығын білдіріп өз еркімен қызметтік уәкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді», - делінген әкімдік хабарламасында.
Естеріңізге сала кетсек Алимұхаммед Құттымұратұлы Атырау қаласының әкімі лауызымын 2018 жылдың 28 маусым айынан бастап атқарып келген болатын.
Қала әкімі өз еркімен қызметін тоқтатуына байланысты Атырау қаласы әкімінің уақытша міндетін қала әкімінің орынбасары Бауыржанұлы Ринат Жанғылышов атқаратын болады.