Атырау қаласында жол жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар істелінді

(0 Votes)

2023 жылы Атырау қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту аясында ауқымды жұмыстар істелінді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Биыл ауылішілік жолдарды қамту мақсатындағы жүзеге асырылып келе жатқан ауыспалы нысандарда, яғни Еркінқала-2, Еркінқала, Геолог, Қайыршақты ауылдық округтері, Сары-Өзек, Алмалы ауылдарына және қаланың көшелері бойынша, қазіргі жағдаймен жалпы 67,6 шақырым құрайтын 135 көшеге асфальт жабындысы төселіп, жұмыстар жалғасып келеді.

Аталған нысандар бойынша жұмыстар жалғасын тауып жыл аяғына дейін Еркінқала-2, Алмалы ауылдарының қалған бөлігіне асфальт жабындысын төсеп, Зарослый ауылының қалған бөлігіне ЩПС қабатын салу көзделіп отыр. Бұдан бөлек жаңа жол құрылыс саласында "Нұрсая" шағынауданы №16 көшесінен Бейбарыс даңғылына және Әбілқайыр хан даңғылына шығатын жалпы ұзындығы 1,1 км. құрайтын жоба «КазСервисГрупп» ЖШС тарапынан басталып, күні бүгінде жоғарғы кернеулі электр жер астына көшіріп, көлік тұрақ санын артыру мақсатында алғашқы жобаға түзетулер енгізілуде.

Сонымен қатар, қаладағы көлік кептелісін алдын алу мақсатында қолданыстағы автокөлік жолдарын кеңейту арқылы, техникалық жағдайын арттыру мақсатындағы жүзеге асырылып келе жатқан Әуезов, Азаттық, С.Датов көшелері және Балықшы ы/а-Зарослый ауылына дейінгі аралықтағы автокөлік жолын қайта жаңғырту ауыспалы нысандары бойынша жұмыстар жалғасып, бұдан бөлек Әбілқайырхан даңғылынан «Сарықамыс» шағынауданымен Жастар көшесіне дейінгі аралыққа қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, күні бүгінге дейін 4,4 шақырым жол кеңейтілді. Осы ретте, жалпы ұзындығы 11,7 км. құрайтын Жастар көшесі (Көктем сауда орталығынан Еркінқала ауылына дейін) жолын қайта жаңғырту жобасына көптеген инженерлік желіліермен жанасуына орай түзетілер енгізілуде.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы жол жабындыларының беткі қабаттарын ретке келтіру және қолданыстағы жолдардың техникалық сипаттамаларын жақсарту мақсатында қаланың 13 көшесінде, атап айтқанда Берғалиев, Қошқарбаева, Құнанбаев, Сәтбаев, Садықов, Құлманов, Молдағұлова, Жұмағалиев, Молдағалиев, Темірханов, Әліпов көшелерінде және Владимирский көшесінен Құрманғазы көшесі аралығындағы, ҚТҚ полигоны ауданындағы орналасқан жалпы ұзындығы 17,9 км автокөлік жолдарына орташа жөндеу жоспарына сәйкес, қазіргі таңда Құлманов, Молдағұлова көшелері және Владимирский көшесінен Құрманғазы көшесі аралығындағы жолдардың 3,4 шақырым құрайтын бөлігі жөнделді.

Айта кетерлігі, қайта құру және асфальт төсеу жұмыстарын бірнеше кәсіпорын жүргізіп жатыр. Оның ішінде «Атырауинжстрой» ЖШС. Дәл осы компания соңғы бірнеше жылда өңірдің көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша негізгі жұмыстарды атқарып келеді.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында қолданыстағы шарт шеңберінде маршруттық тәсілмен орындалатын, қаланың жолдары мен көпір құрылыстарында пайда болған шұңқырлар мен ұсақ қиратуларды жоюға және шұңқырлар мен жарықтарды қалпына келтіруге бағытталған ағымдық (шұңқырлы) жөндеу жұмыстары қайта басталған болатын. Бұл ретте жалпы көлемі 50 000 шаршы метр құрайтын жұмыстың, ағымдағы жылы 25 000 шаршы метрі қалыпқа келтірілетін болады.

Бұдан бөлек жергілікті тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасап, жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында 2022 жылы басталған жаяу жүргінші жолдар құрылысы ауыспалы нысандары бойынша жұмыстар жалғасып келеді. Жалпы 9 жобада 186,3 км. құрайтын 188 көшеге жаяу жүргінші жолдары жоспарланған және ағымдағы жылы 4 жоба, яғни жалпы ұзындығы 60,4 км. құрайтын 61 көшені қолданысқа тапсыру көзделіп отыр.

Айтпақшы, жолдардың сапасы, ең алдымен, қолданылатын технологияларға байланысты. Биылдан бастап Атырау неміс технологияларын игере бастады. Жаңа әдіс қала көшелерін жөндеуде қолданылуда. Инновациялық жабын осы аймаққа тән температураның өзгеруіне әлдеқайда төзімді. Әзірге 3 көшеге асфальт төселуде.

Қиыршық тас-мастикалық асфальт Еуропада жарты ғасырдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Мамандардың пікірінше, ол қиыршық тастың және байланыстырғыш битум қабатының жоғары құрамымен сипатталады. Қаптама аязға және ыстыққа төзімді, тұзды топырақ үшін өте қолайлы. Жолдардың қызмет ету мерзімі қарапайым жолдарға қарағанда 2 есе көп. Бұл технология Ақтөбе-Атырау тас жолының құрылысында қолданылған. Бірақ қала ішіндегі жолдарда алғаш рет қолданылуда. Тәжірибе ойдағыдай болса, келесі жылы тағы 13 көшеге қиыршық тасты мастикалық асфальт төселеді, дейді мамандар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521