«Ақтөбе – Атырау – Астрахан» республикалық жолының жөндеу жұмысы 2022 жылы аяқталады» деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы (Астрахань)» автомобиль жолы қайта жаңғыртылуда. Қазіргі уақытта Мақат-Қандыағаш (330-458 ш.) және «Атырау-Астрахан РФ» (648-893 ш.) учаскелерінде жол құрылысы жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Атырау-Астрахан РФ» жобасында алты мердігер жұмыс істейді, 1 100-ден астам жол жұмысшысы тартылған (олардың 300-ден астамы жергілікті тұрғын).
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің сөзінше, жобаның толық аяқталуы 2022 жылға жоспарланған. Оны жүзеге асыру тек Атырау облысында ғана емес, жалпы Батыс өңірінде экономиканың дамуына әсерін тигізеді, кәсіпкерлік қызметке жаңа серпін береді. Сондай-ақ, мүмкіндіктерді кеңейтуге және жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарымен экономикалық байланысты арттыруға ықпал етеді.
Биыл көлік инфрақұрылымын дамытуға республикалық және жергілікті бюджеттерден 41,5 млрд. теңге бөлінді.
Бүгінде 179 шақырым жол жөнделді және қайта жаңартылды.
https://atr.kz