«Атырау-Астрахан» тасжолының ашылуы келесі жылға қалды

(0 Votes)

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков автожолдар құрылысының аса маңызды жобалары туралы айтып берді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Спикердің айтуынша, биыл бірқатар ірі жоба жүзеге асырылуда.

«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автожолы - батыс өңірлерді өзара байланыстыратын көлік дәлізі. Биыл ұзындығы 440 шақырым болатын «Қандыағаш-Мақат-Атырау» учаскесін аяқтау жоспарлануда. «Атырау-Астрахан» автожолын қайта жаңарту жалғасуда. Жыл соңына дейін қозғалыс ашылып, нысан 2024 жылы тапсырылады» деді ол.

Сондай-ақ, комитет төрағасының орынбасары үш жаңа жоба туралы да айтты.

«Жобалау сатысында үш жаңа жоба тұр. Бұл «Атырау-Орал» (521 км), «Жезқазған-Қарағанды» (513 км) және «Ақтөбе-Ұлғайсын» (252 км) автожолдары» деп толықтырды спикер.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521