«Атырау-Астрахань» бағытында лагерьге бара жатқан бала пойызда қайтыс болды

(0 Votes)

Бұл туралы Атырау облыстық білім беру басқармасы хабарлады.

Бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК баспасөз қызметі «Атырау-Астрахань» бағытында лагерьге бара жатқан бала пойызда қайтыс болғаны жөнінде хабарлаған болатын. «Атырау облыстық білім беру басқармасы құзырлы органдармен бірлесіп, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын тексеру үшін комиссия құрды.

Пойызда жолаушылар өз тамағын тұтынғанын. Қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, қылмыстық іс қозғалды. Білім беру басқармасы тарапынан қайтыс болған баланың отбасына барлық көмек көрсетіледі», – деді Атырау облыстық білім беру басқармасы.

Айта кетейік, 77 адамнан тұратын топ (4 тәлімгер, 73 бала) «Атырау-Астрахань» теміржол бағыты бойынша «Қазақстан геологы» санаторийіне (Железноводск) жіберілді. Жолға шыққаннан 1,5 сағаттан кейін балалардың біреуі өзін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырылды. «Нарын» станциясына келген жедел жәрдем баланың қайтыс болғанын анықтады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT