Асу Алмабаев UFC-дегі сәтті дебютінен кейін Қазақстанға оралды

(0 Votes)
Асу Алмабаевты қарсы алу сәті. Фото: instagram.com/darteam.kazakhstan

Қазақстандық ММА файтері Асу Алмабаев UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіп, Қазақстанға оралды.

Отандастар оны Алматы әуежайында құшақ жая қарсы алды. Ұшақ Алматыға АҚШ-тан түнгі рейспен келген. Күту залында оны жанкүйерлері, әріптестері, достары мен жақындары ерекше дайындықпен қарсы алды. Еске сала кетейік, Алмабаевтың әлемдік промоушендегі дебюті Нэшвиллдегі (АҚШ) UFC on ESPN 50 турнирінде өткен болатын.

Қазақстандық файтер америкалық Оде Осборнды толық жеңді. Екінші раундта Алмабаев тұншықтыру әдісін қолданған кезде қарсыласы берілген еді. UFC-дегі дебюті үшін Асу Алмабаев 78 мың доллар табыс тапты, оның ішінде "Кештің үздік өнері" үшін берілген бонусы да бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика