Ардагерлер жаңа журналға сәттілік тіледі

Рейтинг: 0 / 5

«Атырау-Ақпарат» медиа-холдингінің баспасөз клубында жаңа республикалық журналдың таныстырылымы өтті.

Атырау журналистикасына еңбегі сіңген ардагер-қаламгерлердің қатысуымен өткен басқосуда алғашқы сөз кезегін жаңа басылымның бас редакторы Исатай Балмағамбетов алды.

Ол жақында алғашқы саны жарық көрген республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық журналының мазмұн-мақсаты, бағыт-бағдары, алдағы жоба-жоспарлары жайлы әңгімеледі. Өткен бейсенбіде Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында тұсауы кесілген басылым беттерінде түрлі тақырыптағы жарияланымдарға орын беріліп, оған ел көлемінен авторлар тартылып, материалдар тартылатынын айтты. Алдағы уақытта оның мазмұнды да мәнді болып шығуына кездесуге келіп отырған қаламгерлерді атсалысуға шақырды. Жалпы алғанда, айына бір рет жарық көреді деп жоспарланған журналдың алдын-ала жасақталып бекітілген тұжырымдамасы бар. Соны негізгі бағыт ретінде ұстап, оқырмандардың ұсыныс-пікірлері негізінде басылымның бет-бейнесін жақсартып, оқылымын арттыруға көңіл бөлінеді.

ardagerler-zhaa-zhurnala-sttilik-t

Соңынан сөз алған аға буын өкілдері қоғам өміріндегі жарқ еткен жаңалық пен жақсылықтың жаршысы болып, жұртқа жеткізіп жүрген журналистердің қызметіне, серіктестік, қала берді аймақ басшылығының көмек-қолдауымен іске асқан игі бастамаға құтты қадам, «Сарайшыққа» сәттілік тіледі. Журналдың ұлт руханиятының қалыптасуына өлшеусіз үлесін қосар ортақ құндылық пен қазынаға айналарына сенімділіктерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика