Тамыз айының 9-15 жұлдызы аралығында интернет алаяқтыққа қарсы бағытталған «ANTIFRAUND» жедел профилактикалық іс шарасы Ганюшкин станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің аумағында өткізілуде.
Итернет алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті маңызды мәселесі болып отыр.Қазіргі уақытта кез-келген адамның смартфоны, планшеті бар соған байланысты интернет алаяқтардың құрбанына айналып кетуі мүмкін.Жиі кездесетін интернет алаяқтықтың түрлеріне тоқталсақ:интернет арқылы сауда-саттық жасау кезінде алдын-ала төлем жасатып алдау,өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып жеке деректерді иемдену,азаматтардың құжаттарының көшірмелерін пайдалану арқылы несие алу,қаржы пирамидасы және сіздің нөміріңіз ұтысты жеңімпаз атанды деп қоңырау шалуы, sms хабарламалар жіберіп жеткізіп беру үшін тауарға қосылған құн салығын ғана төлеу керектігін айтуы.Осындай жағдайда интернет алаяқтардан сақ болу үшін пластикалық банк карталардың мәліметтерін , кодтарды, құпия сөздерді ешкімге хабарламауға белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын-ала төлем жүргізбеуге, күмән тудыратын мәмілелерге ақша аударымдарын жүзеге асырмауға шақырамыз.
Қ.Ералиев,
Ганюшкин ст.ЖПб бастығы полиция капитаны