Аймақтың бұрынғы бас санитар дәрігері оқшауланды

(0 Votes)

Атырауда Ұлттық сараптама орталығы Атырау облыстық филиалының қызметкерінен Covid-19 анықталды.

Белгілі болғандай, қызметкердің вирусологиялық зертханаға қатысы жоқ, ол әкімшілік құрамда жұмыс істеген. Қазіргі уақытта бухгалтер, кадр және маркетинг бөлімінен қызметкермен байланыста болған 12 адам анықталып отыр. Зертхана директоры Темірбек Мұсағалиев та коронавирусқа тапсырған тест нәтижесін күтуде . Ол Атырау қаласында карантин режимі аяқталғанға дейін облысымыздың бас санитарлық дәрігері қызметін атқарған болатын. — Науқаспен байланысушы тұлғалардың барлығы оқшауланды. Вирусологиялық зертхана әдеттегі режимде қызметін жалғастырады, — деп түсіндірді Орталық басшылығы. Сонымен қатар, бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдығапаровтың да коронавирусқа тест тапсырды. Тест нәтижесі жақын арада белгілі болады, — депті облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

depti.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика