Аймақта Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

(0 Votes)

Облыстық прокуратура жанынан Азаматтарды қабылдау орталығынның ашылуы өтті, деп хабарлады Атырау облысық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

ҚР президентінің "Еститін мемлекет" концепциясы аясында ашылып отырған бұл орталықта халықпен кері байланыс орнатылып, құқықтық көмек көрсетіледі. Мамандардың айтуынша, кез келген уақытта азаматтар бұл орталықтан 5-10 минутта нақты құқықтық көмек ала алатын болады.

Бұл орталық 24 сағат бойы азаматтарға қызмет жасайды. Тұрғындар алдын-ала жазылмай,кез-келген уақытта прокурорлармен кездесе алады. Орталыққа келген әрбір адамға бірден арнайы прокурор бөлініп, сол мезетте азаматқа жеке көмек көрсетіледі. Мәселен, әр кезекші прокурордың компьютерінде барлық құқық қорғау органдарының ақпараттық базасы еңгізілген. Көмекке жүгінген әрбір азамат қылмыстық іске қатысты немесе өзінің мәселесіне байланысты сұрағы болса, ол іс қандай деңгейде, қалай шешіліп жатыр деген сыңды сұрақтарына жауап ала алады, - дейді Бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Петерс.

Азаматтарды қабылдау орталығында ұжымдық арызданушылар келген уақытта, келелі мәселелерді шешу мақсатында мәжіліс залы орналасқан. Сонымен қатар, кезекші прокурордың бөлмесі, азаматтарды қабылдау және облыс прокурорының қабылдау бөлмесі,мамандар бөлмесі орналасқан.

Айта кетейік, 2019 жылы прокуратураға жеке қабылдауға 2000 аса адам жүгініп, басшылықпен 1219, жеке облыс прокурорымен 405 азамат қабылданған.

BAQ.KZ

Фото: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT