Аймақта 1 қала, 4 аудан, 34 елді мекенге су басу қаупі төніп тұр

(1 Vote)

 Облыс аумағында көктемгі су тасқынын қауіпсіз өткізу және ықтимал шығындарын азайту мақсатындағы іс-шаралар жоспары аймақ басшысымен бекітілген болатын.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігі Астрахань, Волгоград және Орынбор облыстарының бас басқармаларымен гидрологиялық мәліметтер бойынша тығыз байланыс орнатылып отыр. Айта кетсек, өңірдің су тасқынына бейім аймағында 1 қала, 4 аудан, 34 елді мекен, 8474 тұрғын үй және 27258 адам тұрады. Республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардан 28 қауіпті учаске белгілінген болатын.

Оның жалпы ұзындығы 166 шақырымды құрайды. Су тасқынының алдын алу және жою үшін жанар-жағар май материалдары 8464 тонна, инертті материалдар 1949 тонна, 39753 мыңнан астам қап, палаткалар 45 дана, кереуеттер мен төсек жабындылары 6358 дана дайындалды. Төтенше жағдайларды жоюға биыл облыстық бюджеттен 2 млрд. теңгеден астам қаражат қаралды. Оның 1 млрд.-тан астамы аймақтың төтенше резервіне және 6 млн.-ға жуығы шұғыл шығындарға жұмсалмақ. Облыс аумағында 1967-1999 жылдар аралығында тұрғызылған 456 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгеттері бар. Олардың 140 шақырымы күні бүгін қайта жөндеуді қажет етуде.

«2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу жөніндегі шаралар кешені» жол картасы бойынша бір шара орындалды. Құрманғазы ауданында ұзындығы 66,9 шақырымды құрайтын бөгеттерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

А.Ержанов,

облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521