Агроөндірістегі шешім қабылдау сапасын арттыру – саланың жаңа даму кезеңі

(0 Votes)

Президент Жолдауында агросекторды цифрландыру мен заманауи технологияларды енгізу – саланың тұрақты дамуының негізгі факторы екені ерекше атап өтілді. Осы бағытта жасанды интеллект шешім қабылдау сапасын күшейтудің басты тетігіне айналып келеді.

ЖИ топырақ құрамын талдап, егін егу уақытын дәл анықтауға, суару мен тыңайтқышты тиімді жоспарлауға, аурулар мен зиянкестерді ерте анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ нарықтағы баға өзгерісін болжап, шығынды азайтып, шаруалардың табысын арттыруға жағдай жасайды.

Бұдан бөлек, жасанды интеллект аграрлық саладағы адами қателікті барынша азайтады. Күрделі деректерді секунд ішінде сараптап, нақты ұсыныс беруі шаруашылық жүргізуді әлдеқайда тиімді етеді. Бұл ауыл шаруашылығының өнімділігін арттырып қана қоймай, саланы инвестицияға тартымды, бәсекеге қабілетті ете түседі.

Саламат Қабдолов,
аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT