Абай облысындағы өртке байланысты қанша ауыл тұрғыны эвакуацияланды

(0 Votes)

«Семей-орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өртке байланысты осы уақытқа дейін 3 ауылдың тұрғындары эвакуацияланды.

Бүгінгі таңда Семей қаласының үш эвакуациялық пунктінде Талица, Половинки, Бұлақ ауылының тұрғындары – 150-ге жуық адам, орналасқан», – делінген Абай облысы әкімдігінің мәліметінде.

Қалада барлығы 9 эвакуациялық пункт жабдықталған, олар қажет болған жағдайда 800-ге жуық адамды қабылдауға дайын. Қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, табиғи апат аймағында қалған адамдар өрт болған жерде әкімдік волонтерлермен бірлесіп тұрғындарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіп жатқанын айтуда.

«Кеше қатты түтін шығып, әкімдік төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірге бізді эвакуациялады. Эвакуация жақсы өтті, бізді автобуспен Семей қаласына жеткізді. Мұнда өрт аяқталғанша күту үшін қажет нәрсенің бәрі бар», – дейді Бұлақ ауылының тұрғыны Жиенгүл Құрмашова.



ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика