Аққыстауда полицейлер үш баланы тілсіз жаудан аман алып калды

(0 Votes)

ҚазАқпарат – Атырау облысы Аққыстау кентінде полицейлер түтінге оранған үйден үш баланы алып шығып, өрттің алдын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеке үйде газ қазандығы жанып жатқан кезде 15, 7 және 6 жастағы үш бала болған. Үйде ересек адамдар болмаған – олар туыстарының жерлеуіне кеткен. Патрульдік полиция инспекторлары Ғалымжан Науанов пен Бекжан Мұратқалиев өрт туралы хабар түскеннен кейін шұғыл көмекке кеткен», - деді ПД баспасөз қызметінен.

Тұрғын үйдің қазандығының газ трубасынан өрт шыққан. Үйді қою түтін басып қалған. Полицейлер үйге кіріп, ұйықтап жатқан 6 жасар қызды оятып, үш баланы да қауіпсіз жерге алып шыққан.

«Таяуда полиция департаменті бізге әмбебап құтқару жиынтығын берген еді, сол керегімізге жарады. Өрт сөндіргішті алып, ашық алауға қарай бардық. Көршілер шелек алып, өздері өртті сөндіруге әрекеттенген. Бірақ, оны сөндіру мүмкін болмаған. Біз өрт сөндіргішпен сөндірдік», - деді Ғалымжан Науанов.

Үш баланың анасы әлеуметтік желіде полицейлерге алғыс айтты.

Автор:А.Соколов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика