Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде төлем тағайындауға қатысты азаматтардың 338 мың өтінішіне түсіндірмелер берді.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 13 мамырдағы жағдай бойынша халықпен байланыстың барлық арналары арқылы Еңбекминіне және ведомстволық бағынысты ұйымдарына азаматтардан «42 500 теңге» тағайындауға және төлеуге қатысты 696,4 мың өтініш келіп түсті.
Осылайша,
Сонымен қатар Еңбекминінің қызметкерлері коронавирус бойынша өтініштерді қабылдау орталығына келіп түскен 6,6 мың өтінішке жауап берді. Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның «1411» әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі байланыс орталығында 1-13 мамыр аралығында «42 500 теңге» төлеу мәселелері бойынша азаматтардың 58,1 мың өтінішіне түсініктеме берілді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
egemen.kz