2024 жылғы 17 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет

(0 Votes)

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, өткен тәулікте 2024 жылғы 17 сәуірде сағат 8-дегі жағдай бойынша Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен:

– Жайық өзені - Индербор кентінің гидропостында су деңгейі 547 см., деңгей +9 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 324 см құрайды.,

- Жайық өзені - Махамбет кенті су деңгейі 672 см., су деңгейінің + 8 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 355 см құрайды.

- Жайық өзені - Атырау қ. гидропостында су деңгейі 396 см., су деңгейінің +9 см.көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 205 см құрайды.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. "17 сәуірде Иректі су қоймасынан ағын көлемі 436 м3 / с құрайды, су жіберу көлемі 345 м3/с құрайды", - делінген хабарламада.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521