9 жыл бұрын жоғалып кеткен қырғызстандық Атыраудан табылды

(0 Votes)

9 жыл бұрын жоғалып кеткен Қырғызстан азаматын Атырау полицейлері тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2011 жылы Атырауға Қырғызстан Республикасының екі азаматы киім сатуға келген. Сол жылы бірі Отанына оралуды ұйғарып, екіншісі сонда қалған. Олар соңғы рет 2013 жылы телефон арқылы сөйлескен. Содан бері 9 жыл байланыста болмаған.

Бірнеше жылдан кейін туыстары оны іздестіруді бастаған, бірақ нәтиже болмады. Кейін Атырау облыстық Полиция департаменті басшысы құрған арнайы жедел-іздестіру тобы азаматты іздеуге кіріскен. Хабарсыз кеткен әйел жақындарына ренжіп, олармен байланысын үзуді жөн санаған.

Хабар-ошарсыз кеткен әйелдің туысы тәртіп сақшыларына жемісті жұмысы және оның отбасымен қауышуына көмектескені үшін алғыс білдірді.

"Жоғалған жақындарды 9 жылдан кейін кездестіруге көмектескен полиция қызметкерлеріне рақмет. 9 жыл бойы армандап, осы сәтті күттім. Қуанышымда шек жоқ!" - деп туысқандар көзіне жас алды.

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

25qazan-respublika

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика