Жастар да өз таңдауын жасауда

(0 Votes)

Құрманғазы ауылдық округінің №171 сайлау учаскесінде қазіргі уақытқа дейін дауыс берушілер саны 45 адамға жетті. Тұрғындар белсенділік танытуда.

Учаскеде ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың, партиялардың бақылаушылары және екі тәуелсіз байқаушы отыр. Сайлау комиссиясы төрайымы Рита Өтепқалиева бізбен әңгімесінде ертемен, сағат 8-ге жетпей жас сайлаушы Ақбота Сәрсенбаева келіп дауыс беріп кеткенін жеткізді.

Бүгін жексенбі екенін ескерсек, мұның өзі жас буынның да сайлауға деген көзқарасын, ел өміріне әсер етер науқанға жауапкершілікпен қарағанының көрінісі. Жалпы келіп жатқандардың ішінде басқа да жастар бар. Біз барғанда да бір-екі адам келіп үлгерді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT