«Ақ жол» партиясы республикалық штабының мүшелері Алматы қаласының еңбек ұжымдарымен кездесті. Партия төрағасы Азат Перуашев, партия төрағасының орынбасары Қазыбек Иса және Мәжіліс пен жергілікті мәслихатқа үміткерлер тұрғындарды алаңдатқан мәселе жайлы әңгіме өрбітті.Тамақтану саласындағы ірі бірлестік болып табылатын «Евразиян фудс» өндірістік холдингінде үш зауыт пен мыңдаған қызметкер жұмыс істейді.
Компания бюджет салығына төлемдерді әрдайым ұлғайтып келеді. Бес жыл бұрын 10 млрд теңге төлесе, былтыр салық төлемі 20 млрд теңгеге ұлғайған.
– Біздің мақсатымыз – нарықтық ұстанымдарды, әділ бәсекелестік пен отандық өндірушілерді қолдайтын «Ақ жол» партиясының парламенттегі жұмысы туралы айту. Бір жағынан еңбек ұжымдарының ескертпелері мен өтініштерін тыңдаудамыз, экономикалық мәселелерден бөлек, әлеуметтік әділеттілік, жемқорлыққа қарсы күрес, саяси реформалар жөнінде сұрақтар түсіп жатыр. Бұл біз үшін өте маңызды, себебі, «Ақ жол» партиясына сенім артатын жандармен ұдайы байланыста болуымыз керек, – деді Азат Перуашев. Партия лидері саяси бағдарламаның басым бағыттарын атап, жиналған қауымның сауалдарына жауап берді. Әсіресе, «Ақ жол» партиясының еркін экономикаға көшу туралы ұсыныстарына ерекше тоқталды.
– Елімізде тек 5 банктің өзі ғана барлық банк секторының 65% бақылауында ұстап отыр. Сонымен қоса, өздеріне бүкіл бизнес пен барлық азамат төлем жасаса да, банктер ҚҚС-тан босатылған. Біз сараланған салық мөлшерлемесін енгізуді ұсынған кезде бізге бұның әділ бәсекелестік ұстанымдарын бұзу екендігін айтып жауап беретін. Кіммен кімді бәсекелестірмек? Бұл – бәсекелестік емес, тонаушылық. Біз 30-дан астам депутаттық сауал жолдап, сонша рет Салық кодексіне түзету енгіздік. Президент Қ.Тоқаев өткен жолдауларының бірінде ғана сараланған салық мөлшерлемелерін енгізуді тапсырған болатын. Біз Еуроодақтағыдай азық-түлік өндірушілері мен өзге де басым салалар салықты аз, ал банктер мен шикізат олигархтары көбірек төлеуі үшін әрі қарай да күресеміз, – деді А.Перуашев.
Бұдан бөлек, «Ақ жол» үгіт-насихат тобы Алматы электромеханикалық зауытының ұжымымен де кездесті.