Ауа ластануы алаңдатады

(0 Votes)

Шымкент қаласында «Байтақ» партиясының өкілдері «Бал текстиль» ЖШС ұжымымен кездесті. Іс - шара Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Сейдулла Исмаиловтың қатысуымен өтті.

Байтақтықтармен кездесуге отызға жуық адам жиналды, сол жерде кездесуге қатысушыларға партия өкілдері өздерінің сайлауалды бағ дарламасының негізгі ережелерін түсіндірді. Экология жəне қоршаған орта мəселелерін талқылау да халықтың жоғары белсенділігін атап өтуге болады. Шымкенттің негізгі экологиялық проблемаларының бірі – ауаның ластануы. Ауаны ластаушы заттар – бұл қаланың ірі кəсіпорындары, қатты отын мен жұмыс істейтін автомобильдер мен қазандықтар. Бұл мəселе жергілікті тұрғындардың күн тəртібінде де алдыңғы қатарда тұр.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының ауа бассейні зиянды заттар мен автокөлік шығарындыларымен рұқсат етілген шекті концентрация дозасынан бірнеше есе артық ластанған. «Тыныс алуға мүмкіндік жоқ» деген сөз қалыпты өмірге айналды. Соңғы уақытта қаланың ауа сапасы мамандарды қатты алаңдатып отыр. Жергілікті тұрғындарды толғандыратын барлық мəселе мен сұрақ бақылауға алынды, олардың көпшілігі партияның ағымдағы жəне болашақтағы жұмыс жоспарларына енгізілді. «Байтақ» жасылдар партиясы Қазақстанның экологиялық проблемаларына қарсы күрес бойынша өз қызметін үздіксіз жалғастырып жатыр. Партия өкілдері Көкшетау қаласындағы «LS Kokshetau» ЖШС қоқыс өңдеу зауытында болып, бас қосу барысында қоқысты жіктеп-жіліктеп бөлу үдерісіне жəне қалдықтарды қабылдауды ұйымдастыруға қатысты қиындықтармен егжей-тегжей таныстырды. Компания басшысы қонақтарға өндіріс көлемі мен қабылдауды ұйымдастыру туралы айтып берді. Сондай-ақ елдегі шыны жəне пластик ыдыстарда өндірілетін өнімнің жалпы көлемі, сондай-ақ пайдаланылған ыдыстарды дұрыс кəдеге жаратпау нəтижесінде қайта өңделетін қоқыстың көлемі бойынша толыққанды деректер ұсынылды. Зауыттағы сала мамандарымен кеңінен кеңесу партия белсенділеріне тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге қатысты мəселелерді тереңірек түсінуге жəне түйткілдерді шешу бойынша жұмыстарды жандандыруға дем берді. Кəсіпорын басшысы осы мəселені шешу жөнінде өз ұсыныстарын білдіріп, партия қызметіне қолдау білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика